Қалада білім алған ауыл жастарының 40 пайызы ғана ауылына оралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі күні ауыл жастарының небары 40 пайызы өз ауылына оралып, қызметке орналасады. Ал қалған 60 пайызы қалаларда қалып қояды. Бұл туралы бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен «Экономиканың нақты секторы үшін мамандар дайындаудағы университет пен жұмыс берушілердің серіктестігі» тақырыбындағы республикалық форумда айтылды.

Шараға Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко, Сенат депутаты Рашит Акимов, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ АҚ Басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев және депутаттар мен өзге де отандық, шетелдік агробизнес өкілдері, қауымдастықтар, сондай-ақ қоғамдық ұйым мен саяси партия өкілдері қатысты.

Форум барысында сөз алған Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко ҚазАТУ базасында ауыл шаруашылығы мамандарын қайта даярлауға байланысты арнайы курстар ашу керектігін алға тартты. Себебі бүгінгі таңда елді мекендерде мамандар жеткіліксіз. Болған күннің өзінде заманауи технология негізінде жұмыс жасауға қабілетсіз. Ол ауылдық квота арқылы келіп, білім алып жатқан және бітіріп кеткен мамандарды ауылға қайтару керектігін баса айтты. Өйткені ауылдық жеңілдік арқылы білім алған жас маман өз ауылына барса, ауыл шаруашылығы саласындағы кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізері сөзсіз.

«Қазіргі күні ауыл жастарының небары 40 пайызы өз ауылдарына оралып, қызметке орналасады. Ал қалған 60 пайызы қалаларда қалып қояды. Бұл - алаңдатарлық мәселе», - деді Владимир Божко.

Соңғы жаңалықтар