Калачиде барлығы 133 адам ұйқы ауруына шалдыққан - Н.Нұркенов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Калачиде «ұйқы» ауруы тіркелгеннен бері барлығы 133 адам ұйықтап қалған. Бұл туралы бүгін «Ақмола Медиа Орталығында» өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлімдеді.

«Бұл белгісіз «құпия» дертке шалдыққан тұрғындардың арасында екі рет ұйықтап қалғандары бар. Олар дәрігерлердің бақылауында болды. Ең соңғысы биыл көктемде тіркелді. Жалпы дерт пайда болғаннан бері 133 адамның 170 рет ұйықтап қалғаны анықталды. Қазіргі кезде, аталған ауылға облыстың әр өңірінен дәрігерлер барып, кезекшілікпен жұмыс істейді. Калачи ауылынан тұрғындар толығымен өзге өңірлерге қоныстанғанша әкімдік әлеуметтік нысандарды ұстап, халыққа қызмет көрсете беретін болады», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар