Калачи және Красногорск елді мекендерінде тұратын 23 отбасына жаңа пәтердің кілті тапсырылды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «ұйқылы ауылдары» Калачи және Красногорск елді мекендерінде тұратын 23 отбасы жуық күндері Есіл қаласына көшіріледі.

Бұл туралы аудан әкімдігінен хабарлады.

Жақында Есіл ауданының Калачи және Красногорск елді мекендерінде тұратын 23 отбасына Есіл ауданының орталығында салынған 73 пәтерлі тұрғын үйден жаңа пәтердің кілті салтанатты түрде тапсырылды.

«Космос» шағынауданында бой көтерген тұрғын үйдің құрылысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бөлінген қаражатқа салынды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Аманбек Қалжанов қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады.

Еске сала кетсек, халық арасында «ұйқылы ауыл» атанып кеткен Калачи және Красногорск ауылдарынан ҚР Үкіметінің қолдауымен бүгінгі күнге дейін 161 отбасы (372 адам) облыстың өзге елді мекендеріне көшірілген. Қазіргі кезде аталған ауылдарда барлығы 178 отбасы (391 адам) тұрып жатыр.

Соңғы жаңалықтар