Калачи ауылынан он екі отбасы Атбасар ауданына көшірілді - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Калачи ауылынан он екі отбасы Атбасар ауданына көшірілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осы жолы «ұйқылы» ауылдан отбасылар Сочинский, Ярославский, Сергеевский ауылдық округтарына орналастырылды. Оларға жаңа қоныстан жұмыс орындары ұсынылып, жәрдемақы бөлінді. Көшірілген отбасылардың барлығы тегін отын-көмір, жем-шөппен қамтамасыз етілді.

Сергеевка ауылына көшіп, келген төрт баланың әкесі Марат Баймұхамбетов аудан, селолық округ басшылығына жылы қарсы алғаны үшін өзінің алғысын білдірді. Қазіргі кезде, оның балалары мектепке орналастырылып, өзіне жұмыс ұсынылды

«Бізді өте жақсы қарсы алды. Көшу үшін көлікті тіпті тегін ұсынды. Үй өте әдемі. Бізге осылайша көңіл бөлгені қуантады», - деді жаңа қоныс иесі Марат Баймұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар