Қала ортасында жалаңаш жүрген қостанайлық жазаланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қала ортасында жалаңаш жүрген 56 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Оқиға 12 шілде күні Қостанай қаласында болған.

«Абай көшесінің бойында жалаңаш жүрген 56 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Қазір ол ұсталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол «Бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды» , - делінген облыстық ІІД хабарламасында.

Полицейлер ер адамның не үшін шешініп жүргенін айтқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар