Қала орталығында көлігін теріс қаратып жүрген шымкенттік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Түнгі мезгілде көлігін теріс қаратып айдап жүрген шымкенттікке әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, көлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға түнгі сағат 01:20 шамасында Д.Қонаев даңғылының бойында болған. Lada 21140 маркалы көлік құралының жүргізушісі көлігін артқы жүріспен басқарып, өзге көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі келтірген.

«Жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды. Аталған жайт ӘҚБтК-нің 614-бабының 1-бөлігі, ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігі, ӘҚБтК-нің 595-бабының 2-бөлігі және ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, әкімшілік хаттамалар толтырылды» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Видеодан алынған кадр





Соңғы жаңалықтар