Қала орталығында автоматпен оқ атқан қостанайлық ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай тұрғыны аулада тұрып автоматтан оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға облыс орталығында Спортивная көшесінде болған.

«Оқиға орнына келген полицейлер тергеу барысында Калашников автоматын тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, автоматқа жауынгерлік патрондар салынбағаны анықталды. Қару мәдени және оқу-жаттығу мақсаттарында пайдалануға арналған. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік іс жүргізу материалдары одан әрі сотқа берілетін болады», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженар агенттік тілшісіне.

Күдіктінің автокөлігін тексеру барысында көк түсті өсімдік тектес зат табылды, ол сараптамаға жіберілген.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар