Қала мен ауыл арасында кадрларды дұрыс бөлмеу мәселесі бар - вице-министр Е. Біртанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде елімізде қала мен ауыл арасында кадрларды дұрыс бөлмеу мәселесі бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлім етті.

«Бүгінде жалпы сала бойынша дәрігерлердің үлкен тапшылығын байқап отырғанымыз жоқ. Халықтың жан басына шаққанда дәрігерлік және мейірбикелік кадрлардың арасалмағы бойынша біз халықаралық нормаларға сәйкес келеміз. Алайда, қала мен ауыл арасында кадрларды дұрыс үлестірмеу мәселесі бар. Қалада дәрігерлермен қамтылу айтарлықтай жақсы», - деді Е. Біртанов.

Сонымен қатар ол деңгейлер бойынша медицина қызметінің мамандарын бөлуде проблема бар екенін айта келе: «яғни, медицина қызметкерлері жалпы тәжірибедегі немесе учаскелік дәрігерден гөрі бір бағыттағы маман болып істеуге қызығушылық білдіреді. Осыған байланысты денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының жобасы аясында салада адами ресурстарды басқару шаралары қарастырылған», - деді.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, сонымен қатар құжатта деңгейлер арасында медициналық ресурстарды қайта бөлуді қамтамасыз ету ескеріліп отыр. Бұл тұрғыда ынталандырушы тетіктер арқылы дәрігерлер мен мейірбикелердің табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар