Қала маңына қатынайтын Алматы-2 – Қазыбек бек жолаушылар пойызы қайта жолға шығады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 3 тамыздан бастап қала маңына қатынайтын «Алматы-Қазыбек бек» бағытындағы жолаушылар пойызы қайтадан күн сайын жүретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, 3 тамызда пойыз Алматы-2 теміржол вокзалынан таңғы сағат 9:30-да, Алматы-1 станциясынан сағат 10:07-де жөнелтіледі. Жол жүру ақысы пойыз жолсеріктеріне ОҢАЙ жүйесінің мобильді көліктік терминалы арқылы төленеді.

Жол ақысы – 80 теңге.

Тасымалдау жалпы үлгідегі вагондармен (отыратын орындар) жүзеге асырылады.

Бұған дейін Алматы-Қапшағай электр пойызы жолаушылардың аздығына байланысты тоқтатылғаны туралы жазған едік.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматы әкімдігі қалаға жақын маңдағы елді мекендерге теміржол қатынасын ашқан болатын.


Соңғы жаңалықтар