Қала күні қарсаңында 48 нəресте дүние есігін ашты - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала күні қарсаңында 48 нəресте дүние есігін ашты. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қала перзентханаларында қыркүйектің 19-ынан 20-сына қараған түннен күндізгі 12-ге дейін 27 ұл жəне 21 қыз бала дүниеге келді. Қала күні мейрамында өмірге келген барлық сəбилерге қалалық əкімдіктің атынан құттықтау хаты, денсаулық сақтау басқармасының атынан сый-сыяпат табыс етілді.

Айта кету керек, мұндай сыйлықтар бүгін түнгі 12-ге дейін туылатын балалардың ата аналарына да беріледі. Бұл күні жарық дүние есігін ашатын сәбилерді тіркеу үшін əр перзентханаға арнайы маман бөлінген.

Алматыда барлығы 4 перзентхана, 1 аурухана жанындағы босандыру бөлімшесі, 3 деңгейлі 2 перинаталдық орталық бар.

Соңғы жаңалықтар