Каирдегі өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрлігі Мысыр астанасы Каир теміржол вокзалында болған өртке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каирдегі жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - деп хабарлады елдің басты сыртқы саяси ведомствосы.

Еске салайық, Каир теміржол вокзалында тепловоз стансадан бес шақырым қашықтықта белгісіз себептермен деподан шығып кетіп, екпінмен келіп платформаға соғылған және оның арты өртке ұласқан. Өрт көрші жолдардағы бірнеше құрамды шарпып өткен.

Бастапқы мәлімет бойынша, Каир теміржол вокзалында шыққан өрттен кем дегенде 28 адам мерт болған. 50-ден астамы зардап шеккен, олардың көбі аса ауыр халде жатыр.

Соңғы жаңалықтар