Каирде жарылыс кезінде 10 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Египет астанасы Каир қаласындағы жарылыс кезінде 10 адам қаза тапқан, соның 7-уі полиция қызметкері де, үшеуі қарапайым азамат, деп жазады newsru.com порталы. Бұдан басқа тағы 13 мысырлық жарақат алған.

Полицейлер Харам ауданындағы тұрғын үйде тасалаған лаңкестер тобын ұстау іс-қимылдарын жүргізді. Полицияға олардың жарылғыш зат дайындап, сақтағаны белгілі болған.

Оқиға орнын келген ұстау тобы пәтерге басып кіргенде, онда қолдан жасалған бірнеше жарылғышты тапты. Бомбаларды залалсыздандыру кезінде оның бірі жарылып, үлкен қопарылыс болды.

Жарылыс толқыны ғимараттың алдыңғы жағын қиратты. Қазір тәртіп сақшылары оқиға болған ауданды қоршауға алып, маңайдағы барлық көшелерді жауып тастады. Мысырдың Ішкі істер министрлігі жарылысқа «Ағайынды мұсылмандар» тобының содырлары қатысты деп мәлімдеді.
2
3

Соңғы жаңалықтар