Каирде тұрғын үйдің опырылып түсу оқиғасы: Қаза тапқан адам саны 22-ге жетті

None
None
КАИР. ҚазАқпарат – Сенбі күні Каирде көпқабатты тұрғын үйдің опырылып түсуі салдарынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Extra News телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін 18 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Үш адамның табылмай жатқаны айтылған. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 25 адам құтқарылды.

Қайғылы оқиға түнде ел астанасының шығысындағы Гиср-эс-Суэйс атты халық тығыз орналасқан ауданда болды.

Құтқарушылар күні бойы тірі қалғандарды іздеп, арнайы техниканың көмегімен үйінділерді бөлшектеді. Кешке мамандар көрші ғимараттардың құрылымдарына төнетін ықтимал қауіпті анықтау үшін құлаған 10 қабатты ғимаратқа жақын орналасқан ғимараттарды тексеруге кірісті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, үй иесі үстіңгі алты қабатты заңсыз қосып салған. Бастапқыда, 2011 жылы салынған үйде, төрт қабат болған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше күн бұрын бірінші қабатта орналасқан дүкенде оның иесі қабырғаларды тесіп, бірнеше тірек бағандарын бұзып, қайта салуды бастаған.

Бұған дейін Каирдегі аудандардың бірінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй опырылып түскені жайлы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар