Каир әуежайында жүк ұшағында шыққан түтін салдарынан төтенше жағдай жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 наурызда кешке қарай Каирдің халықаралық әуежайында Германиядан оралған жүк лайнерінің бортында түтін шыққандықтан төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы ресейлік vesti.ru  хабарлады.

Әуе айлағы әкімшілігінің өкілдерінің түсіндіруінше, EgyptAir әуе компаниясына тиесілі жүк ұшағы қонуға бет алған кезде лайнердің алдыңғы жағынан түтін шыққан. Осы жағдайды көріп қалған диспетчерлік мұнарадағылар жердегі қызмет өкілдеріне хабарлаған. Ұшақ төтенше жағдайларда қонатын жолаққа жіберіледі. Ұшақ қонған кезде оны жерде бірнеше өрт сөндіруші машина мен жедел жәрдем күтіп алды. Ұшақ жерге сәтті қонды.

Кейін мамандар түтіннің шығу себебін анықтады. Оған ұшқыштар кабинасында бақылау панелінің ақауы себепші болған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. 

Соңғы жаңалықтар