Қаһарман фельдшер: Марат Мейрамбек Денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қызылорда облыстық жедел жәрдем станциясының медициналық авиация бөлімшесінің фельдшері Марат Мейрамбек Денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

М.Мейрамбек нағыз ерлік жасады - өз өмірін қатерге тігіп, жанып жатқан ұшақтың бортында оттегі баллонының жарылуына жол бермеді. Оның батылдығының арқасында бәрі аман қалды.

2022 жылдың ақпан айында аудан орталығынан 10 шақырым жерде «Қызылорда-Арал» бағыты бойынша диабеттік комадағы 16 жасар пациентті тасымалдау бойынша санитарлық рейс орындаған Ан-2 ұшағы шұғыл қону кезінде отқа оранды.

Фельдшер жанып жатқан салоннан қымбат медициналық жабдық пен оттегі баллонын алып шықты. Баллон соңғы сәтте кез келген секундта жарылып, пациенттің, оның және екі ұшқыштың өмірін қиюы мүмкін еді.


Соңғы жаңалықтар