+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Кадрлық резерв мүшесі шахматты мектеп бағдарламасына қосуды ұсынды

2021 жылғы 12 маусым 18:47
Бөлісіңіз:
Кадрлық резерв мүшесі шахматты мектеп бағдарламасына қосуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, шахматтан Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлісхан Нахбаева шахмат үйретуді мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық ғалым Ыбырайтанудың тұлғалық модель жобасын дайындады СҚО-да 37 білім ордасы сенімгерлік басқаруға берілді Шығыс Қазақстанда биыл 20 мың оқушы бірінші сыныпқа барады

«Менің басты идеям – спорттың бұл түрін зияткерлік ретінде насихаттау, яғни балаларға ойынмен танысуға және ақылды, толерантты, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік беру», - деді Гүлісхан Нахбаева Президенттік жастар кадрлық резерві форумында сөйлеген сөзінде.

Спикер адами капиталдың басты мақсаты – ел экономикасын дамыту екенін атап өтті.

«Ел экономикасының басым бөлігін білім беру секторы алып отыр. Сондықтан, біз шахматты мектептегі оқу бағдарламасына дене шынықтыру ретінде қосатын болсақ, онда келешек ұрпақ ақылды болып өседі деп ойлаймын. Өйткені, балалар – еліміздің болашағы. Қазіргі уақытта мен Шымкент әкімінің шақыртуымен білім басқармасына ауыстым. Мұнда пилоттық режимде үйірме ретінде 2-4 сынып оқушыларына шахматты мектеп бағдарламасына қостық. Ол үшін 360-тан астам дене тәрбиесі мұғалімі шахматты үйрету әдістері бойынша арнайы біліктілік курсынан өтті», - дейді Гүлісхан Нахбаева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT