+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Кадр жетіспеушілігі: Мәселені шешу үшін медициналық колледждердің 112 түлегі тартылды

2020 жылғы 2 шілде 15:40
Бөлісіңіз:
Кадр жетіспеушілігі: Мәселені шешу үшін медициналық колледждердің 112 түлегі тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі жедел жәрдем көліктерінің жетіспеуі мәселесі қалай шешілетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1011, 15  адам қайтыс болды Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді Шымкенттегі провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды

«Жедел жәрдем көліктерінің жетіспеуі мәселесі қысқа мерзімнің ішінде әкімдіктермен бірге шешімін табады. Медициналық емес ұйымдардың есебінен осы мәселе ретке келтіріледі. Республикалық бюджеттің есебінен қазірдің өзінде 807 жедел жәрдем көлігі сатылып алынды. Ол көліктердің алғашқы партиясы, яғни 14-і шілде айында Нұр-Сұлтанға, 18-і Солтүстік Қазақстанға жеткізіледі», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, кадрлық жетіспеушілікті шешу үшін медициналық колледждердің түлектері (112 адам) тартылып жатыр.

«Жергілікті атқарушы органдарға әртүрлі ресурс арқылы қосымша корона-такси шығару туралы ұсыныс берілді. Күн сайын республика бойынша ауысым бойынша 1400 көшпелі бригада шығады. Шақырылатын орынға шығудың орташа тәуліктік көрсеткіші – кейінгі екі аптада 30 мыңнан асып кетті. Бұл – қалыпты жүктемеден екі есе көп», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шараларын енгізетін болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT