+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Кадр резервіне енген жастарды 300 спартандықпен теңестіріп жатады - агенттік басшысы

2020 жылғы 15 қаңтар 15:21
Бөлісіңіз:
Кадр резервіне енген жастарды 300 спартандықпен теңестіріп жатады - агенттік басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттік кадр резервіне кірген жастар лауазымға тағайындалмай тұрып, арнайы әзірленген бағдарламамен білімдерін жетілдіреді. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік кадр резервіне енген жастармен кездесуінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмысымыз осымен бітпейді. Біз жобаны жүзеге асырудың жаңа кезеңіне көшеміз. Резервтегілер жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін арнайы әзірлеген бағдарламамен оқытқымыз келеді. Курстар сарапшы-қатысушының ұсынымын ескере отырып, дербес болуы ықтимал. Бағдарлама резервшінің жауапты мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу үшін қажетті қосымша білім алуына бағытталады», - деді агенттік басшысы.

Оның атап өтуінше, президенттік резерв жасақтау бастамасы елімізде де, сонымен қатар одан тысқары жерлерде қоғам тарапынан кеңінен қолдау тапқан.

«Резервшілердің мәлімделген саны да айрықша танымалдыққа ие болды. Бұл ретте, резервтегілерді даңқты 30 спартандықпен жиі салыстырып жатады. Дәл осы резервке кіру үшін үміткерлер арасында бәсекелестік пен интеллектуалдық бақталастық болды. Президенттік жастар кадр резерві сынды шыңды бағындырған жастарымыз белгіленген биіктікті ұстап тұрарына сенемін», - деді Анар Жайылғанова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT