Қадіржан Адинов Құлсары қаласының әкімі болып тағайындалды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Құлсары қаласының әкімі тағайындалды, депхабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысындағы Жылыой ауданының орталығы – Құлсарыға 2001 жылы аудандық

маңызы бар қала мәртебесі берілген.

Ал, кеше Құлсары қаласының әкімін сайлау өтті. Сайлау қорытындысымен көп дауыс

жинаған Қадіржан Адинов Құлсары қаласының әкімі болып тағайындалды.

Қадіржан Амангелдіұлы 1991 жылы Жылыой ауданының Құлсары қаласында дүниеге

келген. 2013 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін геодезия

және картография, 2015 жылы аталған оқу орнын мұнай-газ ісі мамандығымен бітірген.

2019 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен магистр

дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2014 жылы Құлсары қаласы әкімінің аппаратында штаттан тыс қызметкер

ретінде бастаған. 2017-2019 жылдары аталған әкімдік аппаратында бас маман болып

жұмыс істеген.

2019 жылдың желтоқсан айынан осы кезге дейін Құлсары қаласы әкімінің орынбасары

лауазымын атқарып келген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында Сенат сайлауында Әлібек Нәутиевке

көп дауыс берілгенін хабарлаған болатынбыз.

Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, әр деңгейдегі

мәслихаттардың депутаттары кандидаттың бірі – Әлібек Нәутиевке көп дауыс берген. Ол

мәслихаттар депутаттарының 81 дауысын жинаған.

Тағы бір кандидат Бағыт Шеркешбаеваға 30, үшінші үміткер Ғилман Сәрсемәлиевке 6

дауыс берілген. Бір бюллетень бүлінген. Бір депутат барлық кандидатқа қарсы дауыс

берген.


Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар