KADEX: Түркия сарбаздары ауыр әскери техниканы қалай әкелгенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия республикасының әскери техникасы №3 павильонында орналасқан. Ал сыртта Airbus A400M және екі F-16 жойғыш ұшағы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null«Airbus A400M-ның салмағы - 37 тонна. Сосын біз артқы жағына жойғыш ұшақтардың оқ-дәрілері мен қосалқы бөлшектерін салдық. Түркиядан Қазақстанға дейін бес сағат ұштық. Ал F-16 жойғыш ұшақтары екі жағымызда ұшып келді. Жол-жөнекей жанар-жағармайды да құйдық. Біраз еш жерге қонған жоқпыз. Себебі F-16 жойғыш ұшақтарына жанар-жағармайды аспанда құя беруге болады», - дейді Airbus ұшқыштары.
null

Түркия павильонында да әскери техника бар. Атап айтқанда, бронды техника және тағы басқа машиналарды көруге болады. Павильон өкілдерінің айтуынша, әрбір компания әскери техниканы өз күшімен алып келді.

nullnullПавильонның жалпы ауданы - 1620 шаршы метр. Онда Түркияның 21 компаниясы орналасты. Олардың ішінде  ASELSAN ELEKTRONIK SANAYI VE TIC.A.S., AVS, BMC OTOMOTİV SANAYİ VE TİCARET A.Ş., DEARSAN GEMİ İNŞ SAN A.Ş., DESAN, GARANTİ GİYİM, GİR-SAN Makina ve Hafif Silah San. Tic. A.Ş., HAVELSAN, HOYTEK BILGISAYAR LTD., İŞBİR, MILSOFT, OTOKAR, ÖZTEK, SİMSOFT, SSM/SSİ, STM, TAIS, TURMAKS, TUSAŞ, TÜBİTAK BİLGEM, UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş және TEKNOLOJİ MÜH бар.

nullТүрік компанияларының ішінде әскери кемелерді жасайтын кәсіпорындар көп. Олар кемелердің сан алуан үлгісін ұсынып отыр. Бұдан бөлек, тікұшақтардың макеттері де бар. Ал кіреберісте Cobra II мен Ural-ды көруге болады.
null
null

null

Айта кетейік, Астанада V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери теxника көрмесі ашылды. Аталған шараның ашылу салтанатына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Мемлекет басшысы көрменің негізгі ерекшелігін атады. жалғасады. Оған Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысады. Сондай-ақ, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады.

nullБүгін «Қазақстан Инжиниринг» холдингі мен Түркияның «Отокар» компаниясы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Соның негізінде екі компания Қазақстан аумағында бронды машиналарды бірлесіп құрастыратын болады.  

Соңғы жаңалықтар