KADEX-2018: Түрік компаниясы Қазақстанда бронды машиналарды шығаратын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Инжиниринг» холдингі мен Түркияның «Отокар» компаниясы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Серіктестік Қазақстан аумағында бірлесе отырып, бронды машиналарды құрастыруға жол ашып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қол қойылған құжат аясында қазақ-түрік бірлескен кәсіпорыны Қазақстан аумағында көлік құралдарын, соның ішінде бронды машиналарды жаңғырту, жөндеу, сонымен қатар жобалау, құрастыу және тасымалдау жұмысын жүзеге асыратын болады.

«Техникалық-экономикалық негіздемесі және ҚР-да бронды машиналардың өндірісі бойынша бірлескен бизнес-жоспары бойынша «Қазақстан Инжинирингпен» жасалған бұл меморандум біздің Қазақстанмен бірлесе жұмыс жүргізу ниетімізді бекемдей түседі», - дейді «Отокар» компаниясының бас директоры Сердар Гергюч «KADEX-2018» V халықаралық көрмесінде құжатқа қол қою рәсімінен соң.

Ол бронды машиналар қазірдің өзінде Қазақстанда қолданыста екенін еске салды.

«Осылайша, құжат Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін бронды машиналарды бірлесе жасауға қарай бағытталған алғашқы қадам болып отыр», - деді ол.

Еске сала кетсек, «KADEX-2018» V халықаралық көрмесі басталған күні (кеше) «Отокар» компаниясының бас директоры Сердар Гергюч компанияның бронды машина жасау технологиясын Қазақстандағы өндіріске енгізуге дайын екенін мәлім еткен болатын.

Дәл сол күні көрме аясындағы сессияда «Отокар» компаниясының бизнесті дамыту бойынша директоры Тамер Сиркали түркиялық әскери бронды дөңгелекті көліктердің әлеуеті туралы айтып берген еді.

Соңғы жаңалықтар