KADEX-2018: Қазақстан әскери кеме жасаудың жаңа технологияларын енгізбек

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде әскери кеме жасау саласын дамытудың қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әскери кеме жасау саласында отандық кәсіпорындардың арқасында біз толығымен өз қажеттілігімізді жауып отырмыз. Онымен Орал қаласындағы кәсіпорын айналысады. Барлық кемелер Қарулы Күштердің Каспий теңізіндегі бөлігінде, ҚР ҰҚК Шекара қызметінде. Олардың бәрі де сол кәсіпорында жасалған. Сонымен бірге, әскери кемелерді жасауда тың бағытты жаңадан бастадық. Біз бұл саланы дамытатын боламыз», - деді министр «KADEX-2018» V халықаралық көрмесі аясында өтіп жатқан «ADVANCED DEF TECH» ғылыми-практикалық конференциясында.
null 

Айта кетсек, оның алдында Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның қорғаныс-өндірістік кешені саласында Қазақстан әлемдік компаниялармен серіктесе жұмыс атқаруға дайын екенін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде ғылыми-техникалық кеңес құрылған. Ол кеңес арқылы министрлік барлық әлеуетті жобаларды қарастырады. Бүгінгі күнде ол тізімде елуге тарта әлеуетті жоба бар. Бұл ретте министр ҚӨК саласындағы шетелдік компаниялармен серіктесуге дайын екендігін айтқан еді.

Еске сала кетсек, кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «KADEX-2018» V халықаралық көрмесі ашылған болатын. Көрме  26 мамырға дейін жалғасады. Көрмеге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысуда. Сондай-ақ, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерін көрмеде ұсынып отыр. Көрмені ұйымдастырушы - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ болып табылады.

Соңғы жаңалықтар