+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қабылданған заңда жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелері реттеледі - Сенат төрағасы

2021 жылғы 24 маусым 13:28
Бөлісіңіз:
Қабылданған заңда жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелері реттеледі - Сенат төрағасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламенттің жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша заңды қабылдауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Енгізілген жаңа нормаларға сәйкес ауылшаруашылық жерлерін сатуға мораторий 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Жалға алу тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғалар үшін ғана қолжетімді болып қала береді. Ал, ауыл шаруашылығы жерлерін субарендаға беруге тыйым салынады. Бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатымен Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы бойынша әзірленді.

«Бұл заңда жердi қорғауға, оны ұтымды және мақсатты пайдалануға арналған жаңа нормалар қарастырылған. Соған сәйкес Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру жөнінде Жер кодексіндегі нормалардың қолданылуына мораторий ұзартылады. Құжатқа жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелерін реттейтін, жер учаскелері бойынша ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа нормалар да енгізілді. Оның бәрі еліміздің ұлттық мүддесіне толығымен сәйкес келеді», – деді Сенат төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын екі оқылымда қарап, қабылдады.

Еске салсақ, 2016 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Жер кодексінің жекелеген баптарының қолданысына мораторий енгізілгені белгілі. Бұл мораторий 2021 жылы 31 желтоқсанда аяқталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT