Кабулдың орталығындағы жарылыстан кемінде 95 адам құрбан болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Кабулдағы терактінің салдарынан 95 адам құрбан болды, 163 адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл мәліметтерді Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігі келтіріп отыр.

Жанкешті Ауғанстан астанасындағы жедел жәрдем көлігіне қойылған бомбаны жарып жіберген. Жарылыс Үндістан елшілігінің Қауіпсіздік жөніндегі дирекциясы ғимаратына жақын маңда болды.

Жарылысты «Талибан» қозғалысы мойнына алды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құрбан болғандардың арасында қазақстандықтар туралы мәлімет түспегендігін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар