Кабулдегі жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Кабул әуежайында болған жарылыс туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайдағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ауғанстан астанасы Кабул әуежайына жақын жерде болған жойқын жарылыстың салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, тағы 60-ы жарақаттанған болатын.Жарылыс үшін жауапкершілікті «ДАИШ» (Қазақстан және өзге де бірқатар мемлекеттер аумағында тыйым салынған) лаңкестік тобы өз мойнына алды және террорлық актінің мақсаты Ауғанстанның бірінші вице-президенті Абдул Рашид Дустумның көзін жою болғанын айтты. 

Соңғы жаңалықтар