Кабулде қуатты жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні таңертең Ауғанстан астанасында күшті жарылыс орын алды, деп хабарлайды куәгерлерге сілтеме жасаған БАҚ.

Хабарламаларда айтылғандай, қала үстіне қалың түтін будақтай көтеріліп, Кабулдың дипломатиялық үй орамынан жедел жәрдем көліктерінің дабылдары естілуде. Алайда қаланың қай ауданында жарылыс болғаны белгісіз.

Жергілікті билік көздері адамдардың қаза табуы немесе зардап шеккендер туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар