Кабулдағы жарылыстар: 20 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабулдың батысында болған екі жарылыс салдарынан 20 адам қаза тауып, 70-і жарақаттанды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бірінші жарылыс шейіттер тұратын Дашти Барчи кварталында жекпе-жек клубында болған. Жарылғыш құрылғыны жанкешті-лаңкес іске қосқан.  

Екінші шабуылды оқиға орнына келген тілшілер тобының арасына енген террорист жасаған.

Рахими қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында БАҚ өкілдерінің болғанын атап өтті.

Лаңкестік әрекеттер үшін жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар