Кабулдағы жарылыс құрбандарының саны 53 адамға жетті

None
КАБУЛ. СИНЬХУА - ҚазАқпарат - Кабулдың батысындағы жұма күнгі лаңкестік шабуылдан құрбан болғандардың саны 53 адамға жетті. Бұл туралы дүйсенбіде БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу миссиясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Кабулдағы Хазар орамындағы оқу орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны артып келеді. Олардың саны 53 адамға жетті, оның 46-сы - қыздар мен жас әйелдер, тағы 110-ы зардап шекті», - деп хабарлады Twitter-де.

Бұған дейін хабарланғандай, жұма күні таңертең Кабулдың батысындағы білім орталығында студенттер емтиханға дайындалып жатқан кезде жанкешті өзін жарып жіберген.

Әзірге лаңкестік шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.



Фото: Синьхуа



Соңғы жаңалықтар