Кабулдағы екі жарылыстан 21 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабулда болған екі жарылыстан кем дегенде 21 адам көз жұмды. Ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Би-би-си.

Жарылыс ел парламентінің ғимаратының маңында жұмысшылар шығып бара жатқан кезде болған. Зардап шегушілердің көбі азаматтық тұлғалар.

Ел билігі хабарлағандай, бірінші жарылысты қаскүнем өзін-өзі жарып ұйымдастырса, екіншіні - автомобильде жасырылған бомбаның көмегімен жасаған.

Шабуылды «Талибан» содырлары өз жауапкершіліктеріне алды. Қозғалыс өкілдері мәлімдегендей, олардың мақсаттары елдің барлау агенттігі қызметкерлерін құрту болған.

 

Соңғы жаңалықтар