Кабулдағы білім орталығында жарылыс болып, 19 адам қаза тапты

None
АММАН. ҚазАқпарат – Ауғанстан астанасында жұма күні таңертең білім беру орталығында болған жарылыс салдарынан кемінде 19 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Кабулдағы білім орталығында жанкешті жасаған жарылыстан кем дегенде 19 адам қаза тапты, олардың көпшілігі жас әйелдер.

Жарылыс Ауғанстан астанасының Даште Барчи ауданындағы «Кааж» білім беру орталығында болды.

Кабул полициясының өкілі Халид Задран бірінші жарылыс болған кезде студенттер жұма күні таңертең жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:30-да университетке түсу емтихандарын тапсырып жатқанын айтты. Полицияның хабарлауынша, кемінде 19 адам қаза тауып, 27 адам жараланған.

Талибан Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такор оқиға орнында қауіпсіздік топтары жұмыс істеп жатқанын айтты.

Шабуыл үшін жауапкершілікті кім өз мойнына алғаны жайлы мәлімет жоқ.

Соңғы апталарда Кабулда бірнеше лаңкестік әрекет ондаған адамның өмірін қиды.


Фото: AFP/Getty Images




Соңғы жаңалықтар