Кабулда қаза тапқан қазақстандықтың жақындары полицияға арызданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ауғанстанда қаза тапқан Ерлан Жампейісовтің жақындары Бостандық ауданының ІІБ-не алаяқтарға жем болғаны туралы арыз түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ішкі істер департаментіне арызды Ерлан Жампейісовтің отбасының атынан, достары Дидар Бекназар берген. Ол арызында марқұмның мүрдесін жеткізіп беремін деп алдаған алаяқтарға қаражат қалай берілгенін жазған.

Оның айтуынша, Ауғанстандағы қайғылы оқиғадан кейін марқұмның туыстарына белгісіз біреулер телефон шалып, мүрдені Ауғанстаннан Қазақстанға жеткізіп беру қызметін ұсынған.

«Хабарласқандар Сыртқы істер министрлігі арқылы мүрдені жеткізу мерзімі ұзаққа созылатынын, жеке тұлғалар арқылы тезірек алдыруға болатынын айтты. Бұған дейін естігендеріңіздей, оған оқ тиген. Туыстары оның мүрдесін тезірек елге қайтаруға асыққан еді», - деді Дидар Бекназар.

Оның айтуынша, қаражат Ерланның әкесіне тиесілі болған.

«Ақша Ерланның әкесінікі болатын. Ол қаражатты менің карточкама аударды. Мен 500 мың теңгені өзін Әділжанмын деп таныстырған адамға бердім. Қолхат оның жеке төлқұжатының көшірмесі басылған қағазға жазылды. Осыдан кейін ол хабарсыз кетті», -деді Бекназар.
Еске сала кетейік, Астана тұрғыны Ерлан Жампейісов 20 қаңтар күні Ауғанстан астанасы Кабулдағы «Интерконтиненталь» қонақ үйіне жасалған шабуыл кезінде қаза тапты. Ол Ауғанстанда іссапармен болған. Ақпан айының басында елге орлауы тиіс еді. Енді оның мүрдесін ҚР Сыртқы істер министрлігі жеткізіп береді.

Соңғы жаңалықтар