Кабул орталығында жарылыс болды

None
None
КАБУЛ. ҚазАқпарат – Ауғанстан астанасы Кабул қаласында жойқын жарылыс болды. Төтенше оқиға үкімет және елшіліктер ғимараттары орналасқан «жасыл аймаққа» кіретін ауданда орын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жарылыс салдарынан кем дегенде он адам зардап шеккен. Ел билігі шабуыл мақсаты қорғаныс министрінің міндеттерін атқарушы болған деп мәлім етті.

Мина қойылған көлік Бисмилла Мохаммади резиденциясының жанында тұрған. Қазір шенеунік пен отбасының қауіпсіз жерде екені хабарланып отыр.

Шабуылды бір де бір топ өз мойнына алған жоқ.

Теракт талибтердің елдің оңтүстік және батыс провинцияларына шабуылын күшейткеннен кейін болған.

Содырлардың ел армиясымен текетіресі АҚШ әскерін Ауғанстан аумағынан шығара бастағаннан кейін күшейе түсті.


Соңғы жаңалықтар