Кабул орталығында жанкешті бір топ бейбіт тұрғынды жарып жіберді

None
None
КАБУЛ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Ауғанстан астанасы Кабул орталығында Сыртқы істер министрлігінің жанында жанкешті наразылық акциясына қатысып жатқан бір топ адамды жарып жіберді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ufuq News Agency президенті Мохаммад Махди Нуриге сілтеме жасап.

TOLONews агенттігінің хабарлауынша, жарылыс Президент сарайына жақын маңда, жергілікті уақытпен 13:30-да болған.

Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, жанкешті лаңкес жергілікті полиция өкілдері байқап қалған сәтте өзін-өзі жарып жіберген. Соңғы деректерге қарағанда, кем дегенде 10 адам қаза тауып, одан көбірек адам жараланған.

nullДүйсенбі күні Ғазни және Урузган провинцияларында тәліптер қаупінің артып бара жатқанына наразылық білдіре жүздеген адам Паштунистан алаңына жиналған.

Жарылысқа қатысты ресми мәлімдемелер болған жоқ, бірақ TOLOnews таратқан фотосуреттерден біраз жайттың беті ашылады.

Соңғы жаңалықтар