Қабул мектебіндегі жарылыстар: қаза тапқандар саны 85-ке жетті

None
None
ҚАБУЛ. ҚазАқпарат – Ауғанстан астанасы Қабулдағы мектеп алдында болған жарылыстар салдарынан кем дегенде 85 адам қаза тауып, 150 адам жарақаттанған. Бұл туралы ҚазАқпарат ауғандық Ariana news телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәліметінше, Қабулдағы қыздарға арналған мемлекеттік мектептің алдында қатарынан үш жарылыс болған. Алдымен мектептен алыс емес жерде миналанған автокөлік жарылған. Оның ізін ала екі қолдан жасалған құрылғы жарылады.

Қазіргі кезде болған жарылыстар үшін ешкім жауапкершілікті мойнына алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар