Кабул әуежайы маңында қуатты жарылыс болды

None
None
КАИР. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Ауғанстан астанасында күшті жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті Asvaka агенттігіне сілтеме жасап.

Жарылыс астанадан тікелей Кабул халықаралық әуежайына апаратын тасжолда болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Талибан» қозғалысына тиесілі көлік жарылған. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат хабарланбай отыр. Талибан өкілдері бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.


Соңғы жаңалықтар