Кабинетінде оққа ұшқан полковниктің қазасына байланысты сот басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Талдықорғандағы Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы болған Бердібек Берістемовті кабинетінде атқан орынбасары Асқар Оспанов ҚР ҚК 101 бабы бірінші бөлігі бойынша айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Бүгін алғашқы сот отырысы қаладағы әскери сот ғимаратында өтті.  Процесс барысында айыптаушы тарап күдіктіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 101 бабы бірінші бөлімі бойынша қатты күйзеліске ұшыраған күйде кісі өлтірді деген айып тағып отыр.

  «Оспанов аффекті жағдайында  Иж-58 маркалы, 16-шы колибрлі, ұңғылы аңшы мылтығын қабынан алып, қарсы тұрған Берістемовтің кеуде тұсынан бір рет атқан. Атылған оқтың салдарынан Берістемов жерге құлап, есін жимастан оқиға орнында қаза болды», - деді  Талдықорған әскери гарнизоны прокурорының орынбасары Алиярхан Рүстембаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға  биыл  наурыздың 31-де Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде болды. Басшы болған 1966 жылғы Берістемовті  өзінің 1971 жылғы  орынбасары атып өлтірген. Мерт болған азамат Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, ал оған оқ атқан күдікті А. Оспанов Алматы облысында дүние келген.

Соңғы жаңалықтар