Кабель ұрлаған 4 елордалық ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық полициялар құны 1 млн теңгеден асатын кабельді ұрлаған күдіктілердің суреттерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 желтоқсан күні әскери полицей мен қалалық полицейлердің бірлескен патрульдеуі барысында таңғы сағат 05:00-дер шамасында Тельман тұрғын алабында күдікке іліккен 4 ер адам ұсталды. Олар таң алдындағы қараңғылықты пайдаланып «Газель» автокөлігіне жүк тиеп жатқанын байқаған. Тексеру барысында 4 күдіктінің кабель ұрлағаны анықталды», - деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің мәліметінше, күдіктілер 1 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірді.

«4 күдіктінің 3-і бұрын ұрлық, тонау және көлік айдап кету істері бойынша сотталған. Күдіктілерден түсініктеме алынып, ұрланған кабельдер қайтарылды. Және олардың басқа қылмыстарға қатысының бар жоғы тексерілуде. Сол сияқты олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-тармағы «Ұрлық» ісі бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар