Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерілді
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың утилизациялық алым алумен мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс деген тапсырмасын орындау үшін Үкімет тиісті қаулы қабылдады. Осы қаулымен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның жарғылық капиталына жүз пайыз қатысу үлесі мемлекет меншігіне қабылданғаны айқындалды.
Министр хабарлағандай, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің жаңа операторы ретінде мемлекеттің 100% қатысуымен «Жасыл Даму» АҚ анықталды. Жарғылық капиталда АҚ-ның басқа меншік иелері жоқ. Утилизациялық алым мөлшерлемелерін қайта қарау үшін Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оған жұртшылық, бизнес және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. «27 қаңтарда кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым мөлшерлемелерін (коэффициенттерін) қайта қарау мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының мүшелері қазіргі уақытта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады», – деді С. Брекешев. Бұл шешім кабель-сым өнімдерін импорттаушылармен және өндірушілермен талқылау кезінде қабылданды.
« Атамекен» ҰКП қорытындысында утилизациялық төлемді ынталандыру ережелері мен есептеу әдістемесіне түзетулер ұсынылды. Экология министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі, ол мемлекеттік органдармен келісілу сатысында.