КАБАР: Қырғызстандағы референдумда сайлаушылардың 33% дауыс берді

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанда референдум өтті деп есептеуге болады. Сайлаушылардың 33% дауыс берді, деп хабарлады бүгін Қырғызстанның «Кабар» агенттігі.

Агенттік таратқан ақпаратқа қарағанда, сағат 18:00-ге қарата сайлаушылардың 33% референдумда дауыс берді. Бұл туралы Бішкектен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова мәлім етті.

Оның сөзінше, басқару формасын анықтау бойынша референдумда 1 млн 178 мың 656 азамат дауыс берді.

Талап бойынша, жалпы сайлаушылардың 30%-дан астамы дауыс берсе, референдум өтті деп танылады.

Аймақтар бойынша, алғанда Бішкекте 131 мың 35, Ош қаласында 56 мың 659, Жалал-Абад облысында 224 мың 10, Ыстық-Көл облысында 120 мың 319, Нарын облысында 73 мың 478, Ош облысында 245 мың 559, Талас облысында 49 мың 412, Шу облысында 167 мың 266, Баткен облысында 101 мың 49 және шет аймақтарда 9 мыңң 869 адам дауыс берді.

Айта кетейік, президенттик сайлау мен референдумға 3 млн 563 мың 574 адам катыса алады.


Соңғы жаңалықтар