Қ.Тоқаев Әлемдік діндер көшбасшыларының съезінде айтылған ұсыныстарға талдау жасауды тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат аппаратының, Сыртқы істер, мәдениет және спорт министрліктерінің, Халықаралық мәдениеттер және діндер орталығының өкілдерімен кеңес өткізді.

Діни форумның бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша диалогты дамытудағы үлкен маңызын атап өткен Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын сапалы іске асыру қажеттілігіне назар аударды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Спикер съезде діни және саяси қайраткерлер айтып өткен ұсыныстар мен идеяларға талдау жасауды тапсырды. Жауапты мемлекеттік органдарға V Съезд Декларациясын БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ және басқа да ұйымдарға тарату, сондай-ақ Астанадағы дінаралық диалогтың мәнін жүйелі негізде түсіндіру тапсырылды.

Қ.Тоқаев Съездің БҰҰ-ның өркениеттер Альянсы және өзге де диалогтық құрылымдармен өзара іс-қимылын күшейте түсу қажеттігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар