К. Рыбински Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеттің ректоры болып сайланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Профессор Кшиштоф Рыбински «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеттің» ректоры болып сайланды, деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін оның ректоры қызметін Серік Святов атқарған, ол университет директорлар кеңесінің және «Fortebank» АҚ бірлескен банкінің төрағасы болып сайлануына орай бұл жұмысынан кетті.

Рыбински Польша Ұлттық банкінің вице-президенті, ЕО Комиссиясының экономикалық және қаржы мәселелері бойынша мүшесі, сондай-ақ Польшадағы Дүниежүзілік банкі директорының орынбасары болған. 2008 жылы К.Рыбински Эрнст & Янг.. компаниясының серіктесі болды. Экономика саласындағы доктор дәрежесіне ие. Поляк, ағылшын, орыс және жапон тілдерін меңгерген.

Соңғы жаңалықтар