K-POP жанкүйерлеріне арналған онлайн конкурс жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Корея Республикасы Қазақстандағы Елшілігінің Корей мәдени орталығы «K-Pop Cover Dance Online Contest» атты онлайн режимде би конкурсын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Корей мәдени орталығының өкілдері мәлім етті. Музыкаға әуес кез келген адам қатыса алатын 23 тамыз бен 19 қыркүйек арасында өтетін байқауға музыкаға әуес кез келген адам қатыса алады. Қатысушылар өздерінің би қабілеттерін көрсете алатын бір K-POP әнін таңдап, осы әннің би орындау каверін түсіріп, жіберуі керек. Ол үшін Корей мәдени орталығының сайтына кіріп, (https://kaz.korean-culture.org) өтінім үлгісін жүктеп алу қажет. Әрі қарай өтінімді толтырып, оны бидің кверімен бірге орталықтың электрондық поштасына([email protected]) жіберу керек. Өтінім қабылдаудың соңғы күні – 19 қыркүйек.

Олардың арасынан 10 үздік кваер іріктеліп, онлайн дауыс берушілер мен мамандардың талқысына түседі. Жеңімпазға – бейнекамера, 2 орын иегеріне –планшет, 3 орын алған өнерпазға – Bluetooth бағанасы беріледі.

Аталмыш орталық 24 қыркүйекте сағат 18:30-да Корея туралы онлайн викторина өткізуді жоспарлап отыр. Викторинаға Қазақстанның 13 және одан жоғары жастағы кез келген азаматы қатыса алады. Финалдық турда Үздік нәтиже көрсеткен викторина жеңімпаздары Корей мәдени орталығынан сыйлықтар алады. Бірінші орынға – Apple AirPods құлаққаптары, екінші орынға – Хіаомы смарт сағаты және үшінші орынға – JBL Bluetooth дауыс зорайтқышы тігіліп отыр.

«Корея туралы онлайн викторинаның арқасында қазақстандықтар Корея Республикасының түрлі аспектілерімен танысып, Кореяға одан да көбірек қызығушылық таныта алады деп сенемін. Пандемиядан кейін біз бұл іс-шараны офлайн форматта өткізсек деп отырмыз. Оның жеңімпазы Корея Республикасында өткізілетін ақтық сынға Қазақстан атынан қатыса алар еді», - дейді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.


Соңғы жаңалықтар