К. Мәсімов сандық телеарна мен электрондық қызмет көрсету мәселелерін қарастыруды тапсырды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Қаржы министрлігіне, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе экспорттық-импорттық операциялар мен тауарларды электрондық  ресми мәлімдеуге көшу үшін «жалғыз терезе» және электрондық қызмет көрсету процедураларын енгізу бойынша ұсыныстарды қарастыруды тапсырды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнымен қоса, Премьер-Министр Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне сандық телеарнаны дамытуға байланысты мәселені қарастыруды жүктеді. «Бұл мәселені біз айтарлықтай көп талқыладық. Алдымен бұған нүктені қою үшін кеңесте талқылап, кейін Үкімет отырысына енгізуіміз керек», деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар