К. Мәсімов: Еуразиялық интеграция ШЫҰ-ның экономикалық құрамдауышын нығайтуға қауқарлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық интеграция ШЫҰ-ның экономикалық құрамдауышын толықтыратын және нығайтатын жаңа фактор бола алады.

Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті. «Шанхай ынтымақтастық ұйымы ауқымды экономикалық, қаржылық, көліктік және ғылыми-техникалық әлеуетке ие. Бүгінде ұйымға мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында жаһандық қаржылық-экономикалық күйзелістердің салдарын барынша еңсеру үшін қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану маңызды», - деді Үкімет басшысы. К. Мәсімов ұйымның алдағы уақытта кеңеюі перспективалары ШЫҰ кеңістігінде бұдан әрі қарай ауқымды экономикалық ықпалдастықтың қажеттілігіне себепші екенін атап өтті. «Осы тұрғыда еуразиялық интеграция ШЫҰ-ның экономикалық құрамдауышын толықтыруға және нығайтуға қауқарлы жаңа фактор бола алады», - деп тоқталды Премьер-Министр. Сонымен қатар Үкімет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Жібек жолының экономикалық белдеуін ретке келтіру бойынша бастамасы елеулі қызығушылықты туғызып отырғандығын атап өтті. «ШЫҰ аясында бұл жобаларды үйлестіру мүмкін болады деп бағалаймыз», - деп түйді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар