К.Мәсімов: ЕАЭО - Қазақстан үшін саяси астары жоқ, тек экономикалық жоба болып қала бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Еуразиялық ықпалдастықтың негізгі мәселелеріне арналған Астана клубының I отырысы өтуде.

Астана клубының алғашқы отырысына АҚШ, Ресей, Еуропалық Кеңес, Қытай, Түркия, Иран және өзге де елдерден 50-ден астам экономика, саясат, халықаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылар жиналды. Олардың ішінде бұрынғы жоғары деңгейлі мемлекеттік қайраткерлер, Ресей Федерациясындағы Қытайдың бұрынғы елшісі, ҚХР мемлекеттік кеңесінің дамудың зерттеу орталығы жанындағы Еуропа және Азия елдерінің әлеуметтік даму институтының директоры Ли Фэнлинь, Пәкістанның бұрынғы Қаржы министрі және Әлемдік банктың вице-президенті Шахид Джавед Бурки, Сингапур СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Билахари Кусикан сынды тұлғалар бар.

«Еуразиялық экономикалық одақ. Әлі күнге дейін бізден Қазақстан ұстанымын сұрайды. Еске сала кеткім келеді, еуразиялық ықпалдастық туралы алғашқы идеяны 1994 жылы Мәскеуде Ломоносов атындағы ММУ-де оқыған лекциясында Президенттің өзі жариялаған болатын. Біз ол жобаны қолдаймыз, бірақ оған прагматикалық және практикалық тұрғыда, экономикалық одақ ретінде ғана, саяси астары жоқ жоба ретінде қараймыз. Осы мәселе бойынша біздің ұстанымыз осындай», - деп атап өтті Премьер-Министр.

Айта кеткен жөн, Астана клубы Еуразиялық ықпалдастық мәселелерін талқылауға бағытталған алғашқы әлемдік деңгейдегі алаң.

Соңғы жаңалықтар