К. Мәсімов «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы жекпе-жектерді тамашалауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бойынша «Астана Арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы финалдық жекпе-жектің екінші күні өтуде.

Кіл мықтылар арасындағы айқасты ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев та тамашалауда.

Еске сала кетейік, финалдық кездесудің алғашқы күнінің қорытындысы бойынша «Астана арландары» 3:2 есебімен алға шыққан болатын. Ал бүгінгі екі кездесудің бірінде «арландар» жеңіске жетсе, 60 келі салмақ дәрежесінде Зәкір Сафиуллин кубалық Ласаро Хорхе Альварес Эстрадаға есе жіберіп алды.

Алда әлі үш кездесу бар. Айта кетерлігі, егер екі күндік кездесудің қорытындысы тең аяқталар болса, онда 56 келі салмақ дәрежесінде өтетін қосымша жекпе-жекте жеңімпаз команда анықталады.

Соңғы жаңалықтар