К. Мәсімов 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын аяқтауды тапсырды

None
None
А. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Денсаулық сақтау министрлігіне ақпан-наурыз айларында 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаны аяқтауды тапсырды.

Бұндай тапсырманы Премьер-Министр аталған ведомствоның өткен жылдың қорытындыларына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы басымдықтарды ескере отырып, ақпан-наурыз айларында бағдарлама жобасын аяғына дейін жеткізіп, оны Үкіметтің қарауына енгізіп, Мемлекет басшысына ұсыну қажет»,-деді К. Мәсімов.

Өмір сүру ұзақтығын 68-ден 72 жасқа дейінгі деңгейге көтеруге екпін қойған Үкімет басшысы, осыған байланысты өмір сапасы мен ұзақтығын, сондай-ақ азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған тұтас кешенді шаралар жүзеге асырылуы керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар