Қ. Лама Шариф: Қазақстанда 507 мінәжатхана болса, оның 492-сі намазхана

None
None
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда 507 мінәжатхана бар, оның 492-сі намазхана.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуына қарағанда, ағымдағы жылдың наурыз айында Үкімет ғибадат үйлерінен тыс жерлерде діни жораларды өткізу үшін ғимарат орнын келісу туралы шешім шығару жөніндегі стандартты бекітті. «Бұл базарларда, дүкендерде, қонақ үйлер мен басқа да нысандарда орналасқан намазханалар мен мінәжатханаларға қатысты болып табылады. Осылайша, діни қажеттіліктерді өтеп, діни жоралар мен рәсімдерді еркін атқаруға болатын орындар толық нормативтік-құқықтық рәсімдеуден өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанда 507 мінәжатхана бар болса, оның 492-сі намазхана, он бесі православтық қызмет атқаруда және олар жергілікті әкімдктер тарапынан рәсімдеуден өтуде»,- дейді Қ. Лама Шариф.

Жалпы, алғанда агенттік мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық дінтанушылардың сараптамалары негізінде діни бірлестіктерді жаңаша топтастыру ұсынылып, конфессиялар мен доминациялар саны 46-дан 17-ге қысқарған. Ал 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, елімізде 4551 діни бірлестік қызмет етсе, жаңа заңға сәйкес 2012 жылдың 25 қазанында аяқталған қайта тіркеуден соң олардың 3088-і қалған.

Соңғы жаңалықтар