Қ.Қожамжаров өзі басқарып отырған агенттік қызметкерлерінің негізгі міндеттерін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері әділ, әрі қиянатқа бармайтын және пара алмайтын болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Астана агенттіктің кеңейтілген кеңесінде осы ведомствоның төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті.

«Біздің қызметті бастау үшін қажетті құқықтық ұйымдастырудың негізі құрылды. Агенттіктің басымдықты мақсаттарына тоқталатын болсам, бірінші кезекте сіздерге қойылатын талаптарға назар аударғым келеді. Сіздер Мемлекет басшысының жоғары сеніміне лайықты болуларыңыз керек және қоғамның сенімін ақтау үшін барлық күш-жігерлеріңізді салуларыңыз қажет. Біз этикалық талаптардың жоғары деңгейін әрдайым ұстап тұруымыз шарт. Мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы моделінің негізінде ар-намыс кодексін мүлтіксіз сақтау жатыр. Бұл - біздің мінсіз жұмысымыздың маңызды талабы»,-деді Қ. Қожамжаров ведомство қызметкерлеріне қаратып айтқан сөзінде. Осы орайда ол агенттік қызметкерлері әділдікке екпін қойып, өзінің жұмысына адал болуы, сондай-ақ пара алмауы тиіс екенін қадап айтты. «Сондықтан да біз өзімізден бастап, жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындап, қызмет мәртебесін қызметтік емес мақсаттарда пайдаланбау, азаматтардың құқығы мен заңды мүддесіне нұқсан келтірмеу міндеттерін басты назарда ұстаймыз. Кез келген ұйымның табысты жұмыс істеуі ұжымдағы өзара түсіністік деңгейіне байланысты. Сондықтан да аталған басымдықтарды орындау мақсатында барлықтарыңыздың, әсіресе басшылардың назарын аударғым келеді. Осы орайда алда тұрған мақсаттарды шешу үшін біздің жұмысымызда бірілесе жұмыс істеу айрықша маңызды. Президентке есепті және бағынышты мемлекеттік орган өзінің қызметіне кәсіби түрде қызмет етуде барлық қырынан алып қарағанда әрдайым үлгі болуы тиіс»,-деді ол.

Соңғы жаңалықтар