Қ. Келімбетов Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі жемісті даму формуласын атады

None
None
АНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстан - 2030» стратегиясы: Қазақстан үшін жаңа 10 жылдық мүмкіндіктері мен перспективасы» атты конференция барысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов Қазақстанның дағдарыс кезеңіндегі жемісті даму формуласын атады. Оның пайымдауынша, бұл формула: Ұлттық лидер, қуатты мемлекет және әртараптанған бәсекеге қабілетті экономика болып отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дағдарыс кезеңіндегі Қазақстанның жемісті даму формуласы: Ұлттық лидер, қуатты мемлекет және әртараптанған бәсекеге қабілетті экономика. Бұл - еліміздің болашақ прогресінің негіз қалаушы элементтері болып табылады», деді Қ. Келімбетов.

Оның айтуынша, қазақстандық экономикалық модель стратегиялық тұрғыдан өзінің бәсекеге қабілеттілігін танытты, бірақ бұл алдағы уақыттағы тактикалық сипаттағы мәселелерді күн тәртібінен ысыра алмайды. «Мемлекет басшысы бұл туралы бірнеше қайталап айтқан болатын.  Бірақ, оның көпшілігіне біздің басқару элитасы тарапынан нақты әрі толық жауап берілген жоқ. Әсіресе, бизнес элита мен мемлекеттік мүдделерді қалай біріктіру керек, деген сұрақ жауапсыз тұр. Банкирлерді, ірі кәсіпкерлерді нақты бизнес-жобалары бойынша емес, мемлекеттің айқындалған міндеттері бойынша ұлттық  тұрғыда ойланту мүмкін бе? Әрине, саясат пен экономикада, үсті-үстіне ақша табу мүмкіндігі туып тұратын жерлерде бұндай патриоттық мәселе екінші орынға ысырылып қалуы да жиі қайталанады. Бірақ, «Қазақстан-2030» стратегиясын мұқият зерделесек, біз «гүлденудің, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің» бизнесте жолы болғыштарға ғана емес, әрбір қазақстандыққа кепілдендірілгенін  көреміз», деді Қ. Келімбетов.

Сонымен бірге, биліктің, қоғам мен ірі бизнестің мүдделерін тоғыстыру сұрақтарына ой жүгірткен Қ. Келімбетов, бұл мәселеге Елбасының жақында жарияланған мақаласынан жауап табуға болатынын атап өтті. «Мемлекет алдында тұрған ғаламдық міндеттерді шешу кілті адами капиталды жүйелі түрде жақсартуға қатысты. Дәл осы мақсат ақыр аяғында біздің экономикалық саясаттағы басымдықтарымыз ретінде болып табылады», деді Қ. Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар